Shym City аумағындағы 189 орамда қарқынмен жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер құрылысы кестеге сай жалғасуда.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов нысанға арнайы барып, жұмыс сапасын көрді. Инфрақұрылыммен қамтылу барысын қадағалап, жауапты мердігер мекеме «Prime Park» ЖШС басшылығына құрылыс барысында туындаған мәселелер болса, оны бірлесіп шешуге көмек беретінін жеткізді.
Құрылысы былтыр басталған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 22 629 шаршы метрді құрайды.
Қазіргі таңда мұнда 500-дей жұмысшы қолы бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мерзімінен кешіктірілмей атқарылуда.