2024-11-25 12:59:31
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: құрылысшыдан театр маманына айналған жан

Шымкент: құрылысшыдан театр маманына айналған жанБатырбек Қабылбековтің негiзгi мамандығы құрылысшы болатын. Алайда 1996 жылы құрылыс тоқтап, жұмысыз қалған кезде ҚР халық әртiсi Айша Абдуллинаның шақыруымен театрға жұмысқа кіреді. Ол содан бері 25 жыл бойы Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрында үздіксіз қызмет етіп келеді.
Айта кету керек, Б.Қабылбеков режиссер Әубәкiр Ордабаевтың «Әке тағдыры» спектаклiндегі Жеңiсбек ролін ойнап, қалың көрерменге де танылған.
Ол қазір театрда «Қою бөлімінің» меңгерушісі. Қою бөлімі — көпшілікке бейтаныс, бірақ театр сахнасында қажеттілігі орасан қызмет түрі. Өйткені, санаулы секундтар iшiнде тас қараңғы сахнада декорацияны ауыстырып, асқан ыждаһаттылықпен, үлкен дәлдікпен көрерменге көркем қойылымды ұйымдастыру керек болады.
Қою бөлімінің сахна жабдығына кiрiспес бұрын өзіндік міндеттері бар. Алдымен пьесаны оқып, оқиға желiсiн зерттейді. Кейiпкерлердiң оқиға өзгерiстерiн, сахнаның ауысуын анықтайды. «Осының барлығын білмесең, «көзiн байлаған жанша беймағлұм күй кешесiң» — дейді Батырбек Қабылбеков.
Қойылым премьераға шыққанға дейiн сахна сан құбылып, шешуші сәтке дейiн мың өзгереді. Режиссердiң ойынан шығып, көрерменнiң көңiлiн табу — қоюшы-суретшi мен қою бөлiмiнiң еншiсiнде. Суретшiнiң сахналық шешiмiн жүзеге асыру оңай тiрлiк емес. Бiр қарағанда еш қиындығы жоқ сияқты көрiнетiн декорацияның арғы жағында маңдай терге толы еңбек бар. Осының барлығы білікті маман Батырбек Қабылбековтың үлкен үйлестірушілігімен атқарылып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР