2024-11-25 04:37:47
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы бес айды қорытындылады

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы бес айды қорытындыладыШымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде 5 айда атқарылған жұмыстарды баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді.
Басқарма басшысы лицензиялау және аттестаттау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы, тұрғын үй қорын күтіп ұстау және сақтау, жер инспекциясы бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Ғалымжан Әмірбекұлының айтуынша мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бағытында 19 құрылыс нысанына қатысты тексеру тағайындау туралы актілер тіркелген. Нәтижесінде, 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. 13 осындай хаттамалар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен 480 АЕК (1 400 160 теңге) айыппұл салынды.
Басқарма тарапынан 16 нысанға кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар табысталды. Оның 6 нұсқамасы орындалып, анықталған кемшіліктер жойылды.
– Басқармамен қала аумағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бөлім қызметкерлері жеке дара төрт ауданға бекітілген. Қала тұрғындарын құрылысты бастар алдында құрылыс процесіне және объектілерді пайдалануға қабылдау және іске қосу тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды сақтауға, жерді белгілі мақсатқа сәйкес пайдалануға, көпқабатты тұрғын үйлерге мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жәй серіктестікті (ЖС) таңдауға, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігін сақтауға шақырамын, – деді басқарма басшысы.
Жалпы тікелей эфирге 600-ден астам қала тұрғыны қосылды. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауап берілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР