2024-11-25 19:10:02
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Аттестатты табыстау кеші «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында өтеді

Шымкент: Аттестатты табыстау кеші «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында өтеді
11 сыныптың түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыруға арналған іс-шара білім беру ұйымдарында «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында өтеді.
Түлектердің, педагогтер мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету, шектеу іс-шаралары кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында аттестатты салтанатты тапсыру мектеп аумағында ашық алаңда қатысушылардың шектеулі контингентімен, яғни түлектердің және әр түлектің бір ата-анасының қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптар сақтала отырып өткізіледі.
2021 жылғы 12-14 маусым (әр мектеп оқушы санына қарай өткізу күндерін белгілейді)
Мақсаты — мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі маңыздылығы, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
— түлектің имиджін арттыру;
— «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау;
— болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын белсендіру;
— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар түлектеріне қолдау көрсету.
Іс-шараны өткізудің ұсынылатын регламенті:
Мектепте әр сыныпқа аттестат тапсырудың кестесі жасалады
Іс-шараның басталуы сағат 10.00
Іс-шараның ұзақтығы – әр бітіруші сыныпқа 40 минут.
Іс-шаралар арасындағы интервал 20-30 минуттан кем емес.
Әр іс-шара өткізілгеннен кейін мектептің техникалық қызметі мектеп бітіру іс-шарасы өткізілген жерге дезинфекция жасайды.
Іс-шарада паралелді сыныптардың түлектері мен олардың ата-аналарының кездесулеріне жол берілмейді.
Мектеп басшылығы алдын ала түлектер мен олардың ата-аналарын іс-шара кестесінен, балалар мен олардың ата-аналарының санитарлық талаптарды сақтау ережесінен хабардар етеді.
Іс-шараның алгоритмі:
I кезең: сағат 10.00-ден бастап. Салтанатты бөлім (Аттестат беру, «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау).
— қатысушыларды алдын ала сызылған сызықтар бойынша тұрғызу;
— аттестаттар тапсыру;
— құттықтау, тілек айту
— музыкалық құттықтау
II кезең: сағат 10.40.-тан бастап «Қайырымдылық істер күні», «Балаларға мейірімді жүректен», «Пайдалы іс – өзіңе ырыс», «Туған елге тағзым» акцияларына, «Аялайық табиғатты бәріміз!» экологиялық десанты және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып «Ағаш отырғызу» акцияларына қатысу.
Іс-шараны өткізу бойынша ұсынымдары:
— Іс-шараларға дайындалған кезде әр отбасыға жеке көзқарас қағидаларын сақтау;
— түлектердің ата-аналарымен киім алуға шығындардың, т.б. қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу ұсынылады;
— әлеуметтік-осал отбасыларға және балаларға, ардагерлерге, қарт адамдарға көңіл білдіру бойынша түлектердің қайырымдылық бастамалары қолдау табады;
— іс-шара аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартусыз өткізіледі;
— іс-шараларды БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және ауқымды жариялау.
Мектептер қамқоршылық кеңестер және ата-аналар комитеттерімен бірлесіп, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ, өмір мен денсаулығын сақтау үшін салтанатты іс-шараны өткізудің уақытын қысқарту, салтанатты іс-шарадан бас тарту туралы шешім қабылдай алады.
Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар:
— барлық қатысушыларға мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқау беру;
— санитарлық және эпидемияға қарсы режимдердің, сондай-ақ жеке гигиена ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
— бетперде режимін және мектеп ауласында алдын ала сызылған сызбамен қатысушылардың арасы 1,5 метрден кем емес ара қашықтығын сақтауды қамтамасыз ету;
— төтенше жағдай болған жағдайда қауіпсіздік және эвакуация шараларын сақтау.
Рұқсат етілмейді:
— іс-шараны өткізуге ақшалай қаражат жинауға жол берілмейді;
— мектеп әкімшілігіне және педагогтерге сыйлықтар алуға тыйым салынады;
— іс-шараны сән-салтанатты өткізуге рұқсат етілмейді;
— прокатқа машина алу арқылы елді мекен ішінде экскурсия өткізуге рұқсат етілмейді;
— іс-шараны мейрамханаларда, кафеде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге рұқсат етілмейді;
— «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін бұқаралық марапаттауды алаңдарда (ауыл округтерінің, аудандардың, қалалардың, облыс орталықтарының алаңдарында) өткізуге рұқсат етілмейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР