2024-11-24 03:48:40
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қасиетті айда 70 мыңнан астам азық-түлік, ауызашар себеттері таратылды

Қасиетті айда 70 мыңнан астам азық-түлік, ауызашар себеттері таратылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен және орталық мешітінің ұйымдастыруымен 13 сәуір күні «Рамазан қайырымдылық айы» іс-шарасы ұйымдастырылып, 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылған еді. Қасиетті айдағы қайырымдылық іс-шаралары осылай басталған болатын.
Шымкент қаласында биылғы Рамазан айына орай көптеген қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханының орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасы жүзеге асырылды.
2021 жылғы 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында қала әкімінің «Рамазан қайырымдылық айы» атты игі іс-шараға кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, шаһардағы «Ақмешіт, «А.Қаттани», «Әл Біләл», «Нұр-төбе», «Байғұт баба», «Сайрам жәми» мешіттерінде жариялы түрде 11 180 отбасыға азық-түлік берілді.
Бұдан бөлек, қала аумағындағы мешіттерде жанашыр азаматтардың қолдауымен 21 320 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Қайырымдылық іс-шараларында мұқтаж отбасылардың діні мен ұлтына бөлмей, көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен қаладағы 32 мешіт Рамазан айы бойы күн сайын ыстық тамақ, ауызашар себетін 42 255 тұрғынның мекенжайларына жеткізіп отырды.
Жалпы айтқанда, бір ай бойы қала аумағында демеуші азаматтардың, жанашыр жамағаттың атсалысуымен мұқтаж және көпбалалы отбасыларға 32 500 азық-түлік, 42 255 ауызашар себеттері таратылды.
Рамазан айына байланысты ұйымдастырылған іс-шаралар толығымен қала тұрғындарына жергілікті БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарланып отырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР