2024-11-24 03:48:27
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталады

«Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталады

Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын.

Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі болып табылады. Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі.

Шарттары:

  1. Максималды несие соммасы — 20 млн теңге
  2. пайыздық мөлшерлеме — 5% (ЖТСМ — 5.2% бастап)
  3. бастапқы жарна — 10%
  4. бірінші және екінші нарықтан баспана ала аласыз
  5. ЖАО-да кезекке тұру міндетті емес
  6. Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тіркелген (прописка) болу керек
  7. белгілі бір жұмыс орнында Шымкент қаласында соңғы 12 айдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыру
  8. атыңызда және отбасыңызда соңғы 5 жыл баспана тіркелмеген болуы керек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР