2024-11-25 07:41:17
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Өтегенов көшесінің құрылыс жұмыстары аяқталуда

Өтегенов көшесінің құрылыс жұмыстары аяқталуда

Өтегенов көшесінің 1-кезеңі “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Бүгінде жол құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 шақырым, ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.

Аталған нысан бойынша алдымен автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айының 10-на дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, шағал тас төсеу, ирригациялық арық және тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 270 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР