
Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар ел дамуына жаңа серпін беріп отыр. Әсіресе, Қазақстанның Жаңа Конституциясында кәсіпкерлікті қолдау, жеке меншікті қорғау және еңбек құқығын қамтамасыз ету мәселелерінің нақты көрсетілуі – бизнес қауымдастық үшін маңызды қадам деп есептеймін.⠀
Шымкент қаласында орналасқан «Marai E7 Group» ЖШС-і бүгінде әр түрлі медициналық өнімдер шығарумен танымал компания. Нақтырақ айтар болсам, бірінші өндірісіміз полуиретаннан жасалаған бинт жане шиналар шығарса, екінші линия гипстан жасалған бинттер,⠀үшінші өндірісіміз стерилді дәке түйіршіктерін жасап шығарады. Сонымен бірге титаннан жасалған остеосинтез импланттарын да жасаймыз. Жалпы 4200 түрлі өнім шығарамыз.
Біздің өнімдер отандық денсаулық сақтау саласын сапалы медициналық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпорын «СК-Фармация» жобасы аясында жұмыс істеп, еліміздегі медициналық өндірісті дамытуға үлес қосып келеді. Бұл – мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған қолдаудың нақты нәтижесі.⠀
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде: «Мемлекет бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасайды және жеке меншіктің толық қорғалуын қамтамасыз етеді. Ал кәсіпкерлер экономикаға инвестиция құю, жұмыс орындарын ашу және қоғам алдындағы жауапкершілігін адал атқаруы тиіс», – деп атап өткен болатын.
Бұл мемлекет пен кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы өзара сенім мен серіктестіктің айқын көрінісі деп ойлаймын. Яғни мемлекет кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, бизнестің дамуына мүмкіндік береді. Ал кәсіпкерлер өз кезегінде ел экономикасына инвестиция тартып, жаңа өндірістер ашып, жұмыс орындарын құру арқылы қоғам дамуына үлес қосуы тиіс.⠀
Қазақстанның Жаңа Конституциясында бекітілген осы қағидалар еліміздегі өндіріс орындарының тұрақты дамуына негіз болады деп сенемін. Мұндай құқықтық кепілдіктер кәсіпкерлерге сенімділік береді, ал отандық өндіріс күшейген сайын халықтың әл-ауқаты да арта түседі.⠀
Біздің мақсатымыз – сапалы медициналық өнім шығару арқылы елдің денсаулық сақтау жүйесіне үлес қосу және Қазақстанда заманауи өндірісті дамыту. Жаңа Конституция осы жолда кәсіпкерлік бастамаларды қолдап, әділетті әрі тұрақты экономикалық ортаны қалыптастыруға қызмет етеді деп сенемін.
⠀
Ғалымжан ТАЛАСОВ,⠀⠀
«Marai E7 Group» ЖШС-інің директоры
