2024-11-24 05:47:09
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мамыр айында 146 отбасы жалдамалы баспанаға ие болады

Мамыр айында 146 отбасы жалдамалы баспанаға ие болады
Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 146 азамат пәтермен қамтылу туралы шешім шықты. Бұл бойынша қазіргі таңда ішкі құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар қатары бар. Бұл пәтерлер құрылыс басқармасы тарапынан пайдалануға тапсырылуына сәйкес азаматтарға берілетін болады.
Айта кету керек, Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарына кіреді. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, осы жылы бұл көрсеткішті 1 млн. шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр.
2016-2017 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізім кезегінде тұрған 2024 азамат сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтермен қамтылса, 2018 жылы -1152, 2019 жылы – 540, 2020 жылы — 692 тұрғын баспанамен қамтамасыз етілген. Аталған сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер тұрғын үй кезегіндегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйым қызметкерлері санатындағы азаматтар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР