2025-04-15 18:24:02
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстан туристер үшін цифрлық сервистерді кеңейтуде: Neo Nomad Visa және Tax Free

Қазақстан шетелдік қонақтар үшін цифрлық сервистерді жетілдіріп, елдің туристік тартымдылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Туризм және спорт министрлігі енгізіп жатқан бастамалар шетелдік саяхатшылардың елге келуін жеңілдетіп, олардың тәжірибесін ыңғайлы етуге бағытталған, деп хабарлайды Citynews.kz сайты bluescreen.kz сілтеме жасап

Neo Nomad Visa – электрондық виза

Қазіргі таңда визаны тек Қазақстанның шетелдегі елшіліктері арқылы ғана рәсімдеуге болады. Жаңа бастама аясында визалық-миграциялық портал арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі ұсынылуда. Бұл виза шетел азаматтарына Қазақстанда бір жыл бойы тұруға мүмкіндік береді.

Tax Free жүйесін кеңейту

2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында ҚҚС-ты қайтару жүйесі пилоттық режимде іске асырылуда.

Осы уақыт ішінде:

  • 4,9 млрд теңгеге тауар сатылды;
  • Орташа чек — 837 мың теңге.

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның әлемдік шопинг-туризм деңгейіне жақындағанын көрсетеді. Енді бұл жүйені тұрақты форматқа ауыстырып, барлық өңірлерде енгізу көзделіп отыр.

Қазірдің өзінде іске қосылған цифрлық шешімдер:

  • Бірыңғай цифрлық гидтер платформасы іске қосылды;
  • Туристерге арналған QR-код жүйесі арқылы eSIM, қонақүй брондау, ақпарат пен тіркеу қолжетімді;
  • TravelStan мобильді қосымшасында жасанды интеллект көмекшісі жұмыс істейді.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл шаралар Қазақстанды технологиялық дамыған және туристерге ашық ел ретінде танытып, халықаралық деңгейдегі тартымдылығын арттырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР