2025-07-23 02:44:57
31.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Діни ахуалды тұрақтандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-конференция өтті

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Діни саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында республикалық деңгейдегі семинар-конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – өңірлік деңгейде жинақталған оң тәжірибемен өзара алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және радикалды діни ағымдардың алдын алу бағытында басқармалар мен орталықтар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту болып табылады.

Семинарға еліміздің әр аймағынан дін істері басқармаларының және дін мәселелері жөніндегі орталықтардың басшылары қатысты. Басқосу барысында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар аясында діни қызметті реттеу: өзекті мәселелер мен шешу жолдары», «Интернет кеңістігінде діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету: жаңа сын-қатерлер және шешімдер», сондай-ақ «Интернеттегі діни құқық бұзушылықтар: мониторинг және әрекет ету жолдары» секілді тақырыптар кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың таралуына қарсы тұру, діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған өңірлік тетіктерді жетілдіру, мемлекеттік-конфессиялық өзара әрекеттестікті тиімді үйлестіру және ақпараттық-әдістемелік тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз өңірлеріндегі озық жобалар мен бастамалар туралы тәжірибе бөлісті.

Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев интернет кеңістігінде діни сипаттағы түйткілді мәселелердің өзектілігін атап өтіп, қоғамда адасушылыққа ұшыраған азаматтарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер негізінде оңалту қажеттілігіне назар аударды.

Іс-шара барысында Шымкент қаласының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Айдос Оралбаев радикалды діни ағымдардың ықпалына түскен тұлғалармен жұмыс жүргізу саласындағы қалалық тәжірибе мен қол жеткізілген нәтижелер жөнінде баяндама жасады.

Семинар-қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан нақты ұсынымдар қабылданып, олар дін саласындағы алдағы іс-қимылдарды жетілдіру мақсатында ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР