2024-11-24 19:13:09
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Д. Қонаев даңғылының V кезең құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде

Д. Қонаев даңғылының V кезең құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде

Қала әкімі Д. Қонаев даңғылының V кезең құрылысымен танысып, жұмыс барысын тексерді.

Д.Қонаев даңғылының V кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғасының VІ кезеңіне дейінгі аралық.

Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы V кезеңінің ұзындығы 4,7 шақырым, жолдың ені 42 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метр, 6 қозғалыс жолағы бар.

V кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда жол негізін әзірлеп, әзірленген жерге асфальт жабындысы төселуде.

Құрылыстың орындалу сапасын бақылаған шаһар басшысы жауапты мердігер мекемеге нысанның жоспарлы мерзімінен кешіктірмей біту қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР