2024-11-25 03:55:28
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл-Фараби ауданында 24 көшеге ирригациялық жүйелер салынуда

Әл-Фараби ауданында 24 көшеге ирригациялық жүйелер салынуда

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым жерлерде болды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.

Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.

Көшелердің тізімі:

  1. Сәуле шағын ауданыны Зерде көшесі-1000м
  2. Сәуле шағын ауданыны Көксай-2 көшесі-1200м
  3. Сәуле шағын ауданыны Ақмешіт көшесі (септик орнату)-250м
  4. Сәуле шағын ауданыны Бөген көшесі-1000м
  5. Сәуле шағын ауданыны Жеңістің 50 жылдығы көшесі-600м
  6. Сәуле шағын ауданыны Жаңабазар көшесі-450м
  7. Сәуле шағын ауданыны Тұмарлы көшесі-300м
  8. Забадам шағын ауданында Таусамалы көшесі-900м
  9. Забадам шағынауданы Тобыл, Балдаурен, Айкөл көшесі-350м
  10. Забадам шағынауданы Қажымұқан көшесі-200м
  11. Забадам шағынауданы Қарабастау көшесі-350м
  12. Забадам шағынауданы Макаренко көшесі-350м
  13. Забадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы-70м
  14. Забадам шағынауданы Абат көшесі, Забадамский көшесі-560м
  15. Жамалбек Шәймерденов көшесі-1700м
  16. Жұмабек Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы-250м
  17. Республика даңғылы 19б үй аумағы-500м
  18. Ескі қалашық Хаят көшесі, Амангельді көшесі, Шымкентский көшесі-1500м
  19. Көк сай-1 Анарова көшесі-160м

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 %-ға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 %-ға ұлғайту көзделген.

 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР