2024-04-25 05:44:03
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметін онлайн алуға болады

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметін онлайн алуға болады

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру мемлекеттік қызметіне Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ, онлайн түрінде өтініш беруге болады. Олар мұны электронды үкімет порталы арқылы жасай алады. Бұл қызметті қалай онлайн алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

Өтініш беру үшін бірнеше қарапайым қадам жасау керек:

— электронды үкімет порталында авторизациядан өтуі қажет;

— «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөліміндегі «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» қызметін таңдау қажет;

— «Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз» түймесін басып;

— Өзіңіз жайлы деректерді толтырыңыз (кейінге қалдыру немесе босату себебін көрсету, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу);

— Барлық деректерді толтырғаннан кейін өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.

Өтінім 6 күн ішінде қаралып, жауабы қызмет алушының электронды порталдағы жеке кабинетіне түседі.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап әскерге шақырушылар SMS-хабарлама арқылы әскери қызметтен босатылуы немесе кейінге қалдырылуы туралы өз мәртебесін біле алады. Осының арқасында барлық анықтамалар мен құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Хабарламаны алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, әскерге шақырудан кейінге қалдыру отбасылық, оқуды жалғастырған жағдайда және денсаулығына байланысты себептермен негізделе отырып беріледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР