2024-11-23 22:14:57
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

А2 автомобиль жолының 2-кезеңі 15 шілдеде аяқталады

А2 автомобиль жолының 2-кезеңі 15 шілдеде аяқталады

Бүгінде Тәшкен — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 31 шақырым жолды жаңарту жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылады. Қазір 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары және Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.

Бүгін қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге Ынтымақ шағынауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысанның 2-ші кезеңінің құрылыс барысын қадағалады. Жоба бойынша ені 30 метр, 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату қарастырылған. Қазір сақиналы жолдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 15 шілдеге жоспарлануда.

Сонымен қатар, А-2 айналма жолында Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.

7-ші кезең Бозарық айналма жолынан Самара-Алматы тас жолына дейінгі аралықты қамтиды. Нысанның жалпы ұзындығы — 1,8 шақырым, ені — 40 метр. Нысанда қазір инженерлік желілердің орындары ауыстырылуда.

Нысанның 8-ші кезеңі Бәйдібек би даңғылынан Шымсити шағын ауданына дейінгі аралықты қамтиды. Жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым автомобиль жолының ені 40 метр, 6 жолақты. Құрылыс нысанында бригадалар инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жол негіздерін салу, суағар құбырларын тарту жұмыстарын жүргізуде. Жоспарға сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР