2026-03-10 23:55:57
-5.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «Шымкент» және «Каспий» командалары арасында тартысты футзал матчы өтті

Бүгін Шымкент қаласында «Шымкент» және «Каспий» (Ақтау) футзал командалары арасында қызықты әрі тартысты кездесу өтті. Жанкүйерлердің қызу қолдауымен өткен матч көрермендерге әсерлі ойын сыйлап, жоғары қарқында өрбіді.

Кездесудің басты ерекшеліктерінің бірі – «Шымкент» командасының құрамында негізінен жергілікті, шымкенттік футзал мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Олар туған қаласының намысын қорғап, алаңда бар күш-жігерін салуда. Команданы жергілікті маман, бас бапкер Александр Виталий Юрьевич жаттықтырады.
Ал қарсылас «Каспий» (Ақтау) командасының құрамында шетелдік легионер ойыншылар өнер көрсетеді. Команданы бразилиялық маман Жозе Алесио баптауда.
Айта кету керек, «Шымкент» футзал клубы алдағы уақытта да жергілікті ойыншыларға сенім артып, өз мектебінің дамуына басымдық беруді жалғастырады. Клуб үшін басты құндылықтардың бірі – туған қаланың намысын қорғайтын шымкенттік жас спортшыларды қолдау және олардың кәсіби деңгейде дамуына мүмкіндік жасау.
Клуб өкілдері матчқа келіп, трибунада ерекше атмосфера қалыптастырған барлық жанкүйерлерге алғыс білдірді. Айта кетейік, командалар арасындағы ойын ертең де жалғасады, ал екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР