Ағымдағы жылдың 29-тамызында қаладағы адам көп шоғырланған «Арбат» аллеясында 4 жасар баласын таба алмай қалған әкесі полиция бекетіне бекітілген полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Әкесінің айтуынша, ұлы ойнап жүріп, адасып қалған.
Қызметтерін атқарып жүрген Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері болған жайтқа бірден назар аударып, баланы табуға көмектескен.
Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырып, баланы жақын маңдағы ойын алаңынан тапқан.
Өз кезегінде, жоғалған ұлдың әкесі шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласының полицейлері ата-аналардан балаларына мұқият қарауды және оларды назардан тыс қалдырмауларын сұранады.