2024-11-23 15:09:03
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қостанайда үй қызметкері үйлерді тонаумен айналысқан

Қостанайда үй қызметкері үйлерді тонаумен айналысқан

Қостанай қаласы Полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны пәтерінен қомақты ақша, атап айтқанда, 7200 доллар және 2800 еуро ұрланғанын хабарлаған, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Өтініш берушінің күдігі Елена есімді үй күтушісіне түскен. Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың күзінен бастап ол айына бір-екі рет пәтерді тазалау үшін келетін бейтаныс келіншекті жалдаған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының бұрын сотталмаған 47 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ақшалай қаражат ішінара иесіне қайтарылды. Күдікті ақшаның бір бөлігін жұмсап, туыстарының несиесін төлеп, бір бөлігін банкке депозитке салып үлгерген.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР