Ресейдегі Ленинград облысы Кингисепп қаласында белгісіз біреу ойын алаңында ойнап жүрген балаларға оқ атқан.
Салдарынан 10 жастағы бала мойнынан жарақат алды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Citynews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Белгісіз адам Ленинград облысының Кингисепп қаласының Октябрьская көшесінде орналасқан балалар алаңына жақын жерде бұзақылық ниетпен қару ретінде белгіленбеген құрылғыны қолданып, алаңда ойнап жүрген балаларға қарай кемінде бір рет оқ атқан. Салдарынан он жасар бала мойнынан жарақат алды»- делінген басқарма хабарламасында. Аталған факті бойынша РФ ҚК 213 бабы 2-тармағы бойынша («Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып бұзақылық жасау») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні болған.
Қазіргі таңда жарақат алған бала ауруханада жатыр, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция оқ атқан адамды іздестіруде. Полицияның мәліметінше, бала мойынның жұмсақ тіндерінен жарақат алған.