Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін иеленді
Медаль үшін күресте Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті. Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті.
Бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Отандық татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.