2024-11-21 19:49:27
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ең қарт тұрғын санаққа онлайн тіркелді

Ең қарт тұрғын санаққа онлайн тіркелді

Жетісай ауданының ең қарт тұрғыны Забира Смаилова онлайн түрде халық санағынан өтті. 101 жастағы кейуана ауылдық округ мамандарының көмегімен арнайы сайтқа тіркеліп тиісті сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, қарт тұрғынның отбасыда онлайн түрде тіркелді.

Қос ғасырдың куәгері Зәбира әжей 1920 жылы дүниеге келген. Балғын балалық шағы ашаршылыққа ес біліп есейген кезі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына тұспа тұс келген. Бірақ ешбіріне мойымаған қайсар жан барлығын жеңе білді. Сондықтан қазіргі ұрпақ «бүгінгі бейбіт күннің қадірін біліп, елдегі әрбір саяси науқанға белсенді қатысуы тиіс»- деп, есептейді. .

Забира Смаилова —  Жетісай ауданының тұрғыны

«Осындай тоқшылықта, бейбіт елде өмір сүріп жатқан сендер бақытты ұрпақсыңдар ғой. Оқ пен оттың қатері жоқ. Сондықтан, қолда бар құндылықтарды бағалай білу керек. Кезінде аш та болдық, жәутеңдеп үреймен өмір сүрдік. Бүгін міне, өз еркіміз өзімізде. Тәуелсіз елміз.

Айтып өтейік бүгінде жүзден асқан Забира әжей 9 перзенттің анасы. Бүгінде кіндігінен тараған ұл қызынан 40 немере мен 120 шөбере өсіп келеді. Әженің үлкен ұлы Төлегеннің өзі бүгінде 70-тен асқан. Мемлекеттік есеп – халық санағының жүргізілуін дұрыс деп біледі. Өз отбасымен белсене қатысып отыр.

Төлеген Смаилов – Жетісай ауданының тұрғыны

«Санақтың жүргізілуі өзіміз үшін маңызды. Өйткені, осы санақ арқылы бәріміздің есебіміз жүргізіледі. Жалпымемлекеттік есепке алынған соң біздің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайымызға, өсімімізге қарап мектеп, балабақша, аурухана, үй салады. Оның игілігін өзіміздің перзенттеріміз, халқымыз көреді» дейді Төлеген Әбдіқадірұлы.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында жасы 100-ден асып, ғасырды ғасырға жалғаған 6 қария тұрады. Ұзақ жасаушылардың 5-і қарт әжелер болса, 1-і ақсақал қария. Бәрі де тыл ардагері. Маңдай терімен шөл даланы гүлдендірген жандар жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен жалпы мемлекеттік санақтан онлайн өтіп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР