2024-03-29 19:26:08
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Монополияға қарсы комплаенс Шымкентте жұмыртқа бағасын ұстап тұруға әсерін тигізді

Монополияға қарсы комплаенс Шымкентте жұмыртқа бағасын ұстап тұруға әсерін тигізді

Субсидиялар көлемінің төмендеуі және жем-шөптің жоғары құны жұмыртқа құнының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл туралы 21 мамырда «Шымкент құс» ЖШС өкілдері бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетовті Шымкент қаласына жұмыс сапары кезінде хабардар етті.

2021 жылғы қаңтарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының қатты өсуі кезеңінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және «Шымкент құс» ЖШС монополияға қарсы комплаенс жасасты, оның шеңберінде кәсіпорын өз еркімен бір бірлігі үшін 31,2 теңгеден 1-санаттағы тауық жұмыртқасын сатуды жүзеге асыру міндеттемесін орындады. Құс фабрикасын аралау барысында «Шымкент құс» ЖШС Бас директоры Әбілқасым Досболов Болат Самбетовке кәсіпорынның даму жоспарын ұсынды және тауық жұмыртқасы мен құс етін өндіру және сату жағдайы туралы, оған жемнің жоғары құны мен субсидия мөлшерінің төмендеуі қатты әсер ететіндігін хабарлады.

«Шымкент құс» ЖШС Бас директоры Әбілқасым Досболовтың айтуынша, құс жемі жылына орта есеппен 40-тан 80%-ға дейін қымбаттады (соя шроты, күнбағыс шроты, күнбағыс майы, жүгері, кебек және т.б.). Бұл ретте тауық жұмыртқасының бір бірлігіне субсидия мөлшері 2020 жылдан бастап 1,5 теңгеге төмендеген. Бұл жұмыртқаның өзіндік құнына әсер етті.

Сондай-ақ, сапар барысында Болат Самбетов аумақтық монополияға қарсы департамент ұжымымен ағымдағы мәселелер мен алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР