2025-11-26 11:10:31
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жас педагогтердің «Мамандығым – мақтанышым» республикалық форумы өтті

Балаларды ерте дамыту институты жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің қатысуымен TEDx форматында «Мамандығым – мақтанышым» атты жас педагогтердің республикалық форумын өтті.

Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтерінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы үздік тәжірибелерін насихаттау және тарату арқылы тәрбиеші мамандығының мәртебесін арттыру.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген 180-ге жуық педагог, әдіскер, меңгеруші және студенттер қатысты.

Іс-шараны Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, форум жұмысына табыс тіледі.

Институт директоры Мария Ерманова өз сөзінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапалы кадрлар даярлау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және инновациялық бастамаларды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының тәжірибелі маманы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Сайра Нагашибаевна Жиенбаева жас педагогтерге шабыт беретін құттықтауын жолдап, ұстаздық мамандықтың қоғамдағы ерекше орнын атап өтті.

Форум аясында буын сабақтастығын нығайту және кәсіби құндылықтарды біріктіру мақсатында «Кәсіби көпір: тәжірибелі және жас мамандар» атты диалог алаңы ұйымдастырылды.

Әр қатысушы өз пікірін ашық білдіріп, кәсіби көзқарастарымен бөлісті. Бұл алаң тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды ұсынуға және педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік берді.

Форум жұмысы қатысушылардың назарына Институттың қаңтар айынан бастап ұйымдастырған «Мамандығым – мақтанышым» подкаст-сұхбатына қатысып, үздік деп танылған педагогтердің «Шығармашылық аймақтарға» саяхат тақырыбында бейнематериал ұсынумен жалғасты.

Бейнематериалда педагогтердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, тәрбиеші еңбегінің ерекшелігі мен жауапкершілігі, тәрбиеші мамандығын таңдау себептері, балалармен жұмыс істеудегі шығармашылық тәсілдері және инновациялық тәжірибелері көрсетілді.

Форум соңында қатысушылар бірлескен пікірталас өткізіп, ұсыныстар қабылданды. Мектепке дейінгі білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылық белсенділігі үшін бірқатар педагогтер марапатталды.

«Мамандығым – мақтанышым» форумы – ел жастарының кәсіби дамуына жол ашатын, жаңа идеялар мен бастамаларды қолдайтын, педагогикалық мамандықтың қадір-қасиетін айқындайтын маңызды алаңына айналды.

Шара барысында инновациялық педагогикалық тәсілдер мен заманауи тәжірибелер кеңінен талқыланып, озық тәжірибелерді таратуға басымдық берілді.

Сонымен қатар, форум мектепке дейінгі ұйымдарға білікті, креативті және өз ісіне жан-тәнімен берілген жас мамандарды тарту арқылы педагог мамандықтың қоғамдағы мәртебесін көтеруге, білім саласының беделін нығайтуға бағытталды.

Дерек көзі: baq.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР