2025-10-13 11:36:43
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жаңа оқу жылы – жаңа жетістіктер: Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті. Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды.

Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды. Біздің оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды.

  • Күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.
  • Қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.

Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады:

Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры;

Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.

EJOI-2025 қорытындылары қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және отандық бағдарламалау мектебінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жас информатиктерімізді және олардың жаттықтырушыларын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Бұл табыс өңірлік іріктеулердің сапасын және мектептердегі алгоритмдік ойлауды жүйелі дамыту нәтижесін көрсетті. Алдағы оқу жылында ұлттық құрама үшін ашық оқу-жаттығу жиындары мен онлайн трек күшейтіледі, жас қатысушыларға менторлық пен командалық тренингтер ұсынылады. Қыздардың қатысу үлесін арттыруға бағытталған арнайы лагерьлер, алгоритмдік математика және олимпиадалық информатика бойынша ашық репозиторийлер кеңейтіледі.

Жергілікті ІТ-компаниялармен серіктестік аясында практикалық кейс-турнирлер мен код-жекпе-жектер өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР