2025-11-20 10:52:11
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРЫ «АҚБЕРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ


2025 жылғы 6–8 қараша аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Бурабай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ақберен» шығармашыл оқушыларға арналған өнер байқауының республикалық кезеңі өтті. Бұл – өнер мен шығармашылықты тоғыстырған, жас таланттардың қанатын қатайтып, сахналық тәжірибесін шыңдайтын ең беделді байқаулардың бірі.

Шымкент қаласынан қалалық кезеңде үздік шыққан 6 талантты оқушы алты түрлі номинация бойынша өнер көрсетіп, өңір намысын асқақтатты. Әрқайсысы өз қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді.

ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

ІІ орын – Махан Бақдәулет
— З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі
— Номинация: Айтыс
— Жетекшісі: Аблаева Улжан Бейсеновна

ІІІ орын – Сейдалы Аяжан
— №99 мектеп-гимназиясы
— Номинация: Ұлттық аспапта ойнау
— Жетекшісі: Арыстанбекова Айжан Пернебековна

ГРАМОТА ИЕГЕРЛЕРІ

Полатхан Жанасыл
— №1 Talant жалпы білім беру мектебі
— Көркемсөз оқу
— Жетекшісі: Арғынбай Рахат Ердәулетұлы

Рахматулла Кәусар
— №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы
— Эссе жазу
— Жетекшісі: Аблязова Гульжахан Карыбаевна

Алтынбек Айзере
— №1 Talant жалпы білім беру мектебі
— Шешендік, білгірлер сайысы
— Жетекшісі: Калымбетова Жаудир Полатхановна

«Ақберен» байқауы – оқушылардың шығармашылық қабілетін ашып, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыратын ерекше алаң. Айтыс, көркемсөз, эссе, ұлттық аспап және шешендік өнер – әр баланың рухани дамуына жол ашатын құндылықтар.

Шымкент қаласының жас өнерпаздары сахнада сенімді өнер көрсетіп, көрерменнің және қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Әр номинациядағы қатысушының дайындық деңгейі, орындаушылық мәдениеті, өзіндік ерекшелігі — өнерге деген адалдығын көрсетті.

Жас таланттарымызды және олардың еңбегін жанашырлықпен қолдаған жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғаған оқушылар — қаланың рухани әлеуетінің жарқын көрінісі.

Өнерлері өрге жүзсін, шабыттары шалқысын!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР