2025-04-16 06:45:39
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік оқушылар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

Астана қаласында 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми байқау өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 116 оқушы қатысқан іс-шарада оқушылар төрт негізгі секция бойынша жобаларын қорғап, зерттеушілік қабілеттерін көрсетті. Олар: ғарыштық техника және инфрақұрылым, ғарыштық биология және медицина, күн жүйесі және оның зерттелуі бағыттары болды.

Шымкент қаласынан қатысқан 4 дарынды оқушы халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізді. Күміс жүлдені (II орын) Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әсел Мұратбек, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Аруна Абылқасым жеңіп алды. Қола жүлдеге (III орын) А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алина Есенгелдиева және №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Дастан Рақыманберді ие болды. Сонымен қатар, Дарынды балаларға арналган 1 ІТ мектеп интернаты

Әсел Мұратбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорлық грантының иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР