2026-01-11 20:33:47
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері – 2025» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкент қаласында мектепке дейінгі білім беру саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған маңызды кәсіби дода – «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері – 2025» қалалық байқауы өтті. Байқауды Әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Негізгі мақсат – әдіскерлердің инновациялық тәжірибесін айқындау, үздік практикаларды тарату, білім сапасын арттыруға үлес қосатын мамандарды қолдау және педагог-әдіскер беделін күшейту.

Қалалық кезеңге бес мектепке дейінгі ұйымның әдіскерлері қатысып, өз кәсібилігі мен шығармашылық қабілетін жан-жақты танытты. Әдіскерлер авторлық әдістемелік құралдары мен жобаларын ұсынды, мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға арналған инновациялық тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар, педагогикалық үдерісті жоспарлау, тәрбие мен оқытуды кіріктіру, дамытушы орта құру, ата-аналармен жұмыстың жаңа модельдері секілді бағыттар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Байқау бірнеше бөлім бойынша өтті: әдістемелік жұмыс портфолиосын қорғау, шеберлік сабақ, инновациялық жоба таныстырылымы және кәсіби жағдайлық тапсырмалар. Әр қатысушының жұмысы мазмұндылығы, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы және балабақшадағы оқу-тәрбие процесіне енгізу мүмкіндігі бойынша бағаланды.

Қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша №60 «Тараз» бөбекжай-бақшасының әдіскері Құралбаева Айбарша Абдуназаровна кәсіби жоғары деңгейімен ерекшеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Оның ұсынған жобалары мен әдістемелік шешімдері заманауи талаптарға сай деп танылды.

Бұл жеңіс – Айбарша Абдуназаровнаның үздіксіз ізденісінің, үлкен тәжірибесінің және мектепке дейінгі білім беру саласына қосқан еңбегінің жарқын нәтижесі. Сонымен қатар, қалалық байқау барлық қатысушылар үшін өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби қауымдастық байланысын нығайтуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз, жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР