2025-08-21 02:12:08
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 634 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызмет атқаруда

Бүгінгі таңда Шымкент аумағында жалпы саны 634 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызмет атқаруда. Олардың 71-і – мемлекеттік, ал 563-і – жекеменшік мекемелер.

Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы анықтамалық ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта мемлекеттік №97 «Ақмарал» балабақшасында (1983 жылы салынған) сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жергілікті бюджет есебінен 349,0 млн теңге көлемінде қаржыландырылуда. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік балабақшаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары ұйымдастырылған.

71 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы саны 19 225 бала тәрбиеленуде. Бұл көрсеткіш келесі нормативтік құжаттарға негізделіп отыр. Соның ішінде: 64 жалпы балабақшада – 15 869 бала, 7 арнаулы мемлекеттік мекемеде – 780 бала тәрбиеленуде.

Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік кеңінен дамып келеді. Жекеменшік балабақшалардың көбеюі ата-аналардың таңдау мүмкіндігін арттырып, балабақша кезегін азайтуға оң ықпал етуде. Сонымен қатар, балабақшаларда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, қауіпсіздік шараларын күшейту және тәрбиеленушілерге жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Білім басқармасының мәліметінше, биылғы жылы бірнеше жекеменшік балабақшада күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базаны жаңарту көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі мекемелердің сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, логопед пен дефектолог мамандармен қамту бағытында да жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР