2025-10-13 11:34:34
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім мекемелерінде жаңа тағайындаулар

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №150 жалпы орта білім беретін мектептің директоры лауазымына Жиенова Шадия Қасымқызы тағайындалды.

Шадия Қасымқызы 1970 жылы 7 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988–1992 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында білім алып, «Тарих, қоғамтану пәндері және тәрбие ісінің методисі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл. Зерттеуші-педагог, екінші біліктілік санатының иегері.

Мемлекеттік наградалары: — Ы.Алтынсарин медалі 2010ж; -“Орта білім беру ісінің үздігі” құрмет дипломы; -“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалі

Еңбек жолы:

  • 1992–1996 жж. – Түркістан қаласы, ХХІІ партсъезд атындағы мектеп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  • 1996–1998 жж. – Ленгір қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы №2 орта мектеп, тарих пәнінің мұғалімі;
  • 2000–2015 жж. – Шымкент қаласы, А.Кастеев атындағы көркемсурет колледжі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  • 2015–2022 жж. – Шымкент қаласы, Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта мектеп КММ, директор;
  • 2022–2025 жж. – Шымкент қаласы, Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектеп КММ, директор.

2025 жылдан бастап Шадия Қасымқызы өзінің мол педагогикалық тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін №150 келешек жалпы орта білім беретін мектептің дамуына арнамақ.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №106 “Қайнарбұлақ”жалпы орта білім беретін мектептің директоры қызметіне Абдраимов Бауржан Абдимуталипович тағайындалды.

Бауржан Абдимуталипович 1983 жылы 07 мамырда Өзбекстан Республикасы,Сырдария облысы Сырдария ауданы,Сырдария ауылында дүниеге келген. 2000-2004ж Гулистан мемлекеттік университеті «Биология»пәні мұғалімі мамандығын иеленді.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 24 жыл.

2000 ж Сырдария аудандағы №2 Ш.Рашидов атындағы орта мектепте «Тәлімгер»

2004-2005ж №2 Ш.Рашидов атындағы орта мектепте биология пәні мұғалімі.

2005-2009ж №2 Ш.Рашидов атындағы орта мектепте «директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары»

2009-2015 ж ОҚО Мақтаарал ауданы Т.Аубакиров атындағы мектепте «Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары»

2015-2023ж Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

«№41 жалпы орта мектебі» КММ директоры

27.01.2023жылдан «С.Мұқанов атындағы №40 жалпы орта мектебі» КММ директоры қызметін атқарды.

2025 жылдан бастап өзінің мол педагогикалық тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін №106 “Қайнарбұлақ” жалпы орта білім беретін мектептің дамуына арнамақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР