Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №125 жалпы орта білім беретін мектептің директоры қызметіне Ғазиза Кенбайқызы Әлжанова тағайындалды.
Ғазиза Кенбайқызы 1969 жылы 13 маусымда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында дүниеге келген. 1990-жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, «Химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандығын игерді.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы «Теспе» мектебінде биология және химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейінгі жылдары Шымкент қаласының №3 лицейінде, Қазтұтыну одағы Экономикалық колледжінде және Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта мектепте қызмет атқарды.
2021 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы №22 мектептің директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болды. Ал 2024–2025 оқу жылында №149 жалпы орта мектептің директоры қызметін атқарды.
2025 жылдан бастап өзінің мол педагогикалық тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін №125 жалпы орта білім беретін мектептің дамуына арнамақ.