2025-05-14 08:03:41
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сенат депутаттары Халықтар Достығы университетінің жастарымен кездесті

ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен Ә.Құртаев академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ұжымымен және студент жастармен кездесті. Іс-шара Конституциялық реформалар бойынша

республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіруді мақсат еткен.

Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталып, оқытушылар, жастардың сауалдарына жауап берді.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында толайым табыстарға жеттік. Алдағы бүкілхалықтық референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Конституцияға өзгеріс енгізу халықтың тұрмыс-тіршілігіне, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей қатысты. Бұл орайда ел азаматтарының санасы жаңғыруы қажет. Жастар білімді, елжанды азамат болуы тиіс, – деді Ә.Бектаев.

Сондай-ақ, Ә.Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін, қоғамдық-саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.

Жиын соңында жастар көкейдегі толғандырған сауалдарын қойды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады.

«Шымкент келбеті» — Тағабай Қасымов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР