2025-09-15 10:41:18
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды жоба жалғасуда. Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсынымдары негізінде әзірленген.

Бес күндік курс барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлерлері педагогтерге қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын үйретеді. Мұғалімдер қаржылық мінез-құлық психологиясы, отбасындағы бюджет пен шығындарды жоспарлау әдістерін меңгереді. Ал ҚР Ұлттық Банкі мамандары инфляцияның жеке қаржыға ықпалы, инвестиция, цифрлық активтер, несие мен зейнетақы жүйесі, алаяқтықтың түрлерін ажырату және жеке деректерді қорғау тақырыптарында дәріс оқиды.

Осылайша, бір апта ішінде еліміздің барлық өңірінен «Жаһандық құзыреттілік» пәнін оқытатын 500-ге жуық педагог арнайы курстан өтіп, мектеп оқушыларына дәріс оқуды бастайды. Жыл соңына дейін олардың саны 6 мыңға жетіп, 2026 жылы тағы шамамен 4 мың мұғалім қамтылады.

Қаржылық сауаттылықты білім беру жүйесіне енгізу — экономикалық тұрақтылықты нығаютуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама қоғамның қаржылық мәдениетін артырып, қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтықтан қорғануды күшейтеді.

Курс мазмұны нақты нәтижеге бағытталған. Негізгі модульдер: табыс-шығын, банктік өнімдер, қауіпсіз төлемдер, инвестиция және цифрлық қауіпсіздік. Әр бөлімде практикалық кейстер бар. 7–9-сыныптар «Отбасылық бюджет» симуляторында қажеттілік пен қалауды ажыратады; 10–11-сыныптар «Ақшаның уақыт құны» бойынша күрделі пайызды есептейді. Педагогтерге әдістемелік пакет беріледі: сабақ жоспарлары, презентациялар, бағалау рубрикасы және ата-аналар жадынамасы. Курсты бітірген мұғалімдер сертификат алып, мектеп ішінде кәсіби қауымдастық құрып, шеберлік-сағат өткізеді. Прогресс онлайн-платформада қадағаланады: аралық тесттер, рефлексия және индикаторлар (жоспарлау, қауіпсіз онлайн-төлем, алаяқтықтан сақтану) қолданылады.

Күтілетін нәтиже: оқушылар күрделі пайыз, инфляция және тәуекелді өмірмен байланыстырады; несие тарихының маңызын түсінеді; зейнетақы жарнасының ұзақ әсерін бағалайды; жоспарлау құралының кемінде бірін тұрақты қолданады. Ата-аналар да тартылып, «қаржы туралы ашық әңгіме» кештері мен отбасылық бюджет күнделігі ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР