Оқушыларымыз «Roboland 2022»VIІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде жүлдемен оралды
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі мен Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 4-5 қараша аралағында «Roboland 2022» VIІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі Қарағанды қаласы, «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында өткізілді.
Robоland — бұл жаңа кездесулер мен тәжірибелер, қызықты жарыстар және ынталы көрермендер.
Іс- шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету. Халықаралық фестивалге Қазақстан, Ресей, Греция, Өзбекстанның, Қырғызстан және т.б мемлекеттерден 800-ге жуық қатысушы қатысты.
Аталған іс-шараға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары Рахматтула Ақжол, Балғабай Бағжан «Roboland Kazakhstan» категориясынан жүлделі ІІ орынды, Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан «Ралли» категориясынан жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!!!