2025-09-17 05:38:51
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Оксфордта қазақ тілін үйренушілер саны көбейіп келеді

Қазақстандық университеттердің филиалдары шетелде ашылып жатыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек BAQ.KZ-тің YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Жақында ғана біз Омбы қаласына барып, Достоевский Омбы мемлекеттік университетінің негізінде әл-Фараби атындағы университеттің филиалын ашып келдік. Ашылу салтанатына Ресейдің премьер-министрі Мишустин өзі келді, Үкіметтің атынан мені жіберді. Барып, ол кісіні қарсы алып, түсіндіріп, көрсеттік. Бұл – дипломатиялық нәрсе, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, шетелде қазақстандық университеттің 5 филиалы ашылған.

Біздің 5 сондай филиалымыз бар. Соның ішінде Қырғызстанда – 2 филиал. 2022 жылы әл-Фараби атындағы университеттің филиалы Бішкекте ашылды. Жақында Президентіміз Қырғызстанға ресми сапармен барады. Ол кезде Еуразия ұлттық университетінің Ош қаласындағы филиалы ресми ашылады. Ал әл-Фараби атындағы университеттің филиалдары Омбы қаласы мен Түркияда бар, — деді Саясат Нұрбек.

Министр бұл бастамаларды академиялық тұрғыдан жасалған дипломатиялық көпірмен салыстырды.

Омбыда жергілікті қазақ қауымдастығының қуанғанын көрсеңіздер. Қазақ тілі, әдебиеті мамандығын аштық. Айта кетерлігі, Оксфорд университетінде қазір қазақ тілі оқытылып жатыр. Былтыр арнайы барып, келісіп, Вульфсон колледжінің негізінде ашылды. Жыл сайын енді бізден екі оқытушымыз Оксфордқа барып оқытады. Қазір екі оқытушы бүкіл бағдарлама мен әдістемені жазып шықты. Келесі жылы тағы да барады. Бүгінгі таңда Оксфордта 20-дан астам магистрант, докторанттар арнайы жазылып, тілді оқып жатыр. Сондықтан бұл дипломатия, жұмсақ күш, қауіпсіздік тұрғысынан да өте маңызды бастама, — деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы қажет пе?» деген сұраққа жауап берді.

Сондай-ақ министр биылғы оқу жылында Қазақстанға 31 500 шетелдік студент келгенін айтты. Бұл тарихи рекорд.

Дерек көзі: https://baq.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР