2025-08-01 23:23:55
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мұғалімдердің қалай сабақ өтіп жатқаны онлайн бақыланады

«Барлық орнатылатын бейнебақылау камералары Hikvision зауытының өнімдері болып табылады. Жобаның сапасын арттыру үшін жабдықтаушы компаниядан тиісті сертификат талап етіледі. Елімізде осындай жоғары әлеуетке ие 6-7 компания анықталып, олардың ішінен біреуі мемлекеттік конкурс негізінде жеңімпаз атанды. Бұған дейін бір камераның құны 100 мың теңге бола тұра, оны 300 мың теңгеге жеткізгісі келген жағдайлар тіркелген. Мұндай негізсіз шығындардың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алулар қатаң бақылауға алынды»,- деді әкім орынбасары.

Жоба шеңберінде Жедел басқару орталығы, Әдістемелік орталық, дабыл жүйесі мен цифрлық инфрақұрылым толық интеграцияланып, біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл бағытта осы жүйені енгізген Алматы қаласы мен Атырау облысы сияқты Шымкент қаласы да алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі болмақ.

«Жүйе толық іске қосылған жағдайда, мұғалімдердің оқу үдерісіндегі қызметін, оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры және Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың мамандары мен Білім басқармасының басшылығы онлайн режимде толықтай қадағалау, зерделеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде оқу сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, болашақта «Kundelik.kz» электрондық платформасы арқылы ата-аналарға да қолжетімділік берілуі мүмкін. Ата-аналар баласының сабаққа қатысуын, оқу үлгерімін және жалпы оқу процесінің өту барысын онлайн бақылап отыра алады. Бұл – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың оқуына деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Сәрсен Құранбек.

Қала әкімінің орынбасары бұл жүйе білім беру сапасын арттыруды көздейтін бақылауға негізделген үдеріс екенін жеткізді. Ақпараттық ашықтық пен басқарудың цифрлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқу орындарындағы тәртіп, тиімділік және нәтижелілік көрсеткіштерін жақсартуға жол ашылады. Бұл жүйенің іске асу процессі тиісті органдардың бақылауында екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР