2025-10-12 13:38:44
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мектепке жол: Биыл жекеменшік мектеп оқушылары да қамтылады

Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көмек көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қала әкімдігі мен білім басқармасы бұл шараны үйлестіріп, қаладағы тұрмысы төмен және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларға жан-жақты көмек көрсетуді көздеп отыр.

Биылғы ерекшелік – акцияға алғаш рет жекеменшік мектептерде білім алып жатқан оқушылар да қамтылатын болады. Бұл – әлеуметтік әділеттілік пен барлық білім алушының тең мүмкіндіктерге қол жеткізуіне бағытталған маңызды қадам. Шымкент қаласында жалпы 7 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Қаладағы кәсіпкерлер, демеушілер мен еріктілер де белсенділік танытып, мектеп формасы, кеңсе тауарлары және аяқ киім түрінде көмек беруге үлес қосуда.

Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында мемлекеттік мектептерде білім алатын 56 мыңға жуық оқушыға, сондай-ақ биылғы жылдан бастап жекеменшік мектеп оқушыларына да жаңа оқу жылына дайындық мақсатында көмек көрсету жоспарланған.

Көмек келесі санаттағы отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі:
• атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар;
• жан басына шаққан табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар;
• жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• төтенше жағдайлардан зардап шеккен немесе шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардың балалары;
• мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған немесе қиын жағдайға тап болған отбасылар.

Оқу қорынан қарастырылған материалдық көмек мөлшері — 46 500 теңге. Аталған қаражат тікелей оқушының мектеп формасы мен аяқ киіміне, оқу құралдарына (дәптер, қалам, сөмке т.б.) және спорттық киімдеріне жұмсалуы тиіс.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер мектепке тиісті құжаттарды тапсыру арқылы көмекке өтініш бере алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР