2025-04-15 15:09:17
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Король Халид университеті Қазақстандық жоғары оқу орнымен алғаш рет келісімге қол қойды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Global Education Exhibition халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылды. Халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайту мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен King Khalid University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков, Король Халид университетінің Президенті Фаллех Р.М. Әл-Солами және Жәнібеков университетінің Басқарма төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қатысты.

Бұл келісім бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге, профессор-оқытушылар мен білім алушылардың алмасуын жүзеге асыруға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, халықаралық жобаларды іске асыруға жол ашады. Нәтижелі кездесуде жоғары оқу орындары арасында тарих-дінтану бағытында бакалавриат және магистратура деңгейлері бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, профессор-оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, сондай-ақ дін тарихы бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері төңірегінде ауқымды келіссөздер жүргізілді. Бұл серіктестік аталған бағыттармен шектеліп қана қоймай, Таяу Шығыс пен Орта Азия арасындағы мәдениетаралық алмасуды жандандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын стратегиялық әріптестікке айналмақ.

Король Халид университеті – Сауд Арабиясындағы ғана емес, бүкіл Таяу Шығыстағы жоғары білім мен ғылымның ірі орталықтарының бірі саналатын жоғары оқу орны. 70 мыңға жуық білім алушысы бар университет қарқынды дамыған инфрақұрылым мен өзекті зерттеулерді жүргізетін ғылыми орталықтарға иелік етеді. Сауд Арабиясының отандық ұлттық рейтингісінде үздік бестікке енеді, ал QS WUR халықаралық рейтингінде 601-орынға тұрақтаған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР