2025-04-19 09:06:25
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда деректерді талдау мен Python бойынша тегін курс басталады

Laptop with program code isometric icon, software development and programming applications dark neon vector

Astana Hub халықаралық технопаркі мен Яндекс Практикум білім беру платформасы «Деректерді талдау негіздері және Python» атты тегін онлайн-курстың басталғанын хабарлайды. Бұл курсқа Қазақстанның кез келген тұрғыны жас ерекшелігіне, тәжірибесі мен біліміне қарамастан қатыса алады.

Оқу мақсаты – қазіргі цифрлық әлемде жоғары сұранысқа ие мамандықтардың бірі бойынша білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.

«Біздің міндетіміз – Қазақстанның цифрлық болашағының берік іргетасын қалыптастыру, мұнда әркім өз инновациялық жобалары мен цифрлық шешімдерін жүзеге асыра алады. Деректерді талдау және Python бойынша курс – ауқымды технологиялық трансформацияға бағытталған маңызды қадам. Яндекс Практикуммен бірлесіп, біз заманауи, сұранысы жоғары дағдыларды тез, қолжетімді әрі қызықты түрде меңгеруге болатынын көрсеткіміз келеді. Курстың қатысушылары жаңа білімнің құндылығын бірден түсініп, оны шағын бизнестен бастап ғылым мен мемлекеттік қызметке дейінгі әртүрлі салада қолдана алады», – деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.

«Соңғы зерттеулерге сүйенсек, Қазақстандағы IT-индустрия мансаптық өсу жағынан болашағы зор салалардың бірі болып қала береді. Компаниялар үздік мамандарды тарту жолында бәсекелесуде. Осы ретте жинаған тәжірибемізбен бөлісіп, цифрлық мамандықтармен танысуға тегін мүмкіндік беруді жөн деп санаймыз. Осылайша әркім өзіне сәйкес мамандықты тауып, сол салада өзін толық көрсете алады», – деді Яндекс Практикум бас директоры Илья Курмышев.

Курс 10 сағаттық онлайн-оқуды қамтиды, қатысушылар оны қазақ және орыс тілдерінде өздеріне ыңғайлы қарқынмен оқып, оқу жүктемесін өздері белгілей алады. Оқушыларды түсінікті әрі қарапайым теория, интерактивті тапсырмалар және алған білімдерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігі күтеді. Бағдарлама аяқталғанда, әр қатысушы Python бағдарламалау тілін қолдануды, графиктерді оқу мен талдауды, гипотеза құруды және әртүрлі саладағы нақты мәселелерді шешуді меңгереді.

Күрделі тақырыптарды оңай меңгеру үшін студенттер YandexGPT жасанды интеллектісінің көмегіне жүгіне алады. Ол түсініксіз тұстарды басқа сөздермен түсіндіріп, өткен материалдың қысқаша мазмұнын ұсынады.

Курсқа тіркелу 2025 жылғы 18 сәуірден бастап Astana Hub платформасында сілтеме арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР