2025-10-12 11:26:45
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Кәсіптік оқыту арқылы жұмыспен қамту: Шымкентте 770 азамат білім алмақ

Шымкент қаласында 2025 жылы 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделіп отыр. Бұл шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясында 610 азамат білім беру ұйымдарында оқудан өтсе, 160 азамат жұмыс берушілердің өндірістік базасында даярлықтан өтеді. Оқу кезеңінде тыңдаушыларға төмендегі мөлшерде шәкіртақы төленеді:

  • білім беру ұйымдарында оқитындарға – 43 574 теңге;
  • өндірістік базада оқитындарға – 78 640 теңге.

Кәсіптік оқыту келесі салалар бойынша жүргізіледі: стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші. Аталған мамандықтар қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Жаңа кәсіп игеруге ниетті азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық мансап орталығына барып, «жұмыссыз» мәртебесін алуы қажет. Бұл мәртебеге ие болған азаматтар кәсіптік оқуға қатысуға өтінім бере алады.

Аудандық мансап орталықтарының мекенжайлары:

  • Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3
  • Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106
  • Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201
  • Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89
  • Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың басты мақсаты – жұмыссыз азаматтарды заманауи талаптарға сай мамандықтарға бейімдеу арқылы олардың еңбек нарығына жылдам араласуын қамтамасыз ету. Бұл шара әлеуметтік қолдау тетігі ретінде ғана емес, кәсіби біліктілікті арттырудың тиімді жолы ретінде қарастырылуда. Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушылардың тұрақты жұмыс орындарына орналасуына жәрдем көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР