2025-09-15 17:51:07
28.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

IITU студенттері Германияда қос диплом бағдарламасын сәтті аяқтады

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегиясы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Осы жұмыстың жарқын нәтижелерінің бірі – IITU студенттерінің Германиядағы Хоф қолданбалы ғылымдар университетінде қос диплом бағдарламасын табысты аяқтап, беделді еуропалық оқу орнының дипломдарын алуы.

Хоф университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасы «Киберқауіпсіздік» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін жүзеге асырылады. Үш жыл бойы студенттер IITU-де білім алып, содан кейін Германияда бір жылдық оқуын жалғастырады. Амина Кенгес, Еділ Елхан, Дарья Коробкина және Едіге Ақтанберді жоғары деңгейлі дайындықтарын дәлелдеп, академиялық ұтқырлық бағдарламасының тиімділігін көрсетті.

«Қос диплом бағдарламалары – еліміздің болашағына салынған инвестиция. Олар студенттерге бір уақытта Қазақстанда да, шетелде де сапалы білім алып, бірегей халықаралық тәжірибе жинақтауға және жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті IITU ректоры Асылбек Исахов.

Хоф университетімен әріптестіктен бөлек, IITU студенттері басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен қос диплом алуға мүмкіндікке ие. Атап айтқанда, «Қаржылық инженерия» және «Қаржылық технологиялар» мамандықтарының студенттері үшін Universiti Tenaga Nasional (Малайзия); экономика және бизнес кафедрасының студенттері үшін INHA University (Оңтүстік Корея); медиакоммуникация және тарих кафедрасының студенттері үшін Adam Mickiewicz University (Польша).

Осылайша, IITU ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындаған интернационалдандырудың стратегиясын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып, жаһандық деңгейде бәсекеге түсуге дайын Қазақстанның цифрлық трансформациясының жаңа буын көшбасшыларын қалыптастырып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР