2025-10-12 21:05:36
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еңбекке құрмет: Шымкентте білім саласының ұстазы мен жұмысшы маманы марапатталды

Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында ұзақ жылдық адал еңбегімен танылған екі маман – «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының» директоры Сәуле Тұрарбекқызы Жүнісбекова және №66 жалпы орта мектептің ағаш ұстасы Қайрат Тұрғанбекұлы Арынбеков – салалық марапаттарға ие болды. Бұл оқиға білім саласында тек педагогтардың ғана емес, білім ұйымдарының бүкіл ұжым мүшелерінің еңбегін бағалау мәдениеті кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Арнайы білім беру көшбасшысына «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

38 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар, соңғы 21 жылда арнайы мектеп-интернатты басқарып келе жатқан Сәуле Жүнісбекқызы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Ол білім мазмұнын жаңарту, педагогтардың тәжірибесін жетілдіру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін ашу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Басшының басқарушылық мәдениеті мен ұжымдағы серіктестік атмосферасы арқасында мектеп-интернат тәрбиеленушілері түрлі байқаулар мен жарыстарда тұрақты жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.

Жұмысшы мамандық иесіне Министрдің Алғыс хаты

№66 мектептің ағаш ұстасы Қайрат Арынбекұлы биылғы республикалық Тамыз конференциясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Биылғы жиынның ерекшелігі – Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында мектеп пен балабақшалардың техникалық қызметкерлеріне де құрмет көрсетілуі. Елордада өткен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тамыз кеңесінде министр Ғани Бейсембаев педагогтармен қатар, білім беру ұйымдарының тіршілігін қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін де атап өтті. Бұл бастама әрбір маманның жауапкершілігі мен кәсіби үлесінің білім сапасына тікелей әсер ететінін айқындады.

Еңбегі еленген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сәуле Тұрарбекқызы мен Қайрат Тұрғанбекұлына зор денсаулық, отбасына амандық, кәсіби шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз. Ұжымдық ынтымақтастық пен ортақ жауапкершілікке негізделген осы жақсы дәстүр Шымкенттегі білім сапасын одан әрі нығайта беретініне сенімдіміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР