2026-01-12 21:17:57
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«DANA BALA»: Шымкенттегі педагогтерге арналған тәжірибе алаңы

Шымкент қаласында №16 «Сымбат» бөбекжай-бақшасы базасында “DANA BALA” жобасы аясында “Дамытушы ойындар мен ойыншықтар: білім беру үрдісін жаңғыртудың құралы” тақырыбында шебер сынып жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, ғылым мен білім беру арасындағы сабақтастықты орнату, педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және дамытушы ойыншықтарды тиімді қолдану болып табылады.

Шебер сынып барысында музыка жетекшісі дайындаған ойыншық үлгілері мен ресурстары таныстырылып, педагогтерге олардың практикалық қолдану әдістері көрсетілді. Қатысушылар топтық тәжірибе арқылы әр ойыншықтың оқу үрдісіне қосатын пайдасын, балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін және шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын талқылады.

Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, дамытушы ойындарды сабақта қолдану әдістерін талдады. Сондай-ақ, іс-шара барысында жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдер ұсынылды, бұл қатысушыларға білім беру үдерісін жаңғыртуға және балалардың жан-жақты дамуына бағытталған әдістерді тиімді енгізуге мүмкіндік берді.

Шараға жалпы 100 педагог қатысты. Олар өз кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, дамытушы ойындар мен ойыншықтарды мектеп жасына дейінгі ұйымдарда тиімді қолдану бойынша құнды тәжірибе алды. Мұндай кездесулер педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, балалардың білім беру процесіне қызығушылығын арттыруға және олардың жан-жақты дамуына жаңа серпін береді.

«DANA BALA» жобасы аясында өткізілген шебер сынып – Шымкенттегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін практикалық тәжірибе алмасу алаңы болып, дамытушы ойындардың қолданылу жолдарын көрсету арқылы педагогикалық инновацияларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Жиын қатысушыларға кәсіби дамудың жаңа перспективаларын ашып, балалардың оқу мен ойын арқылы дамуына ерекше үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР