2025-10-12 11:27:52
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы басталды

Бүгін Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Олар үміткерлердің өтініштерін қарастырады. Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтіледі.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Биылғы жылы ауылдық квота, әлеуметтік осал топтар мен ерекше қажеттіліктері бар талапкерлер үшін арнайы гранттар қарастырылған. Сонымен қатар, техникалық және IT бағыттарындағы мамандықтарға бөлінген грант саны едәуір артты. Бұл еліміздің еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, білікті мамандар даярлауға бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР