2021-10-17 06:51:06
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Баспана хит», «7-20-25» бағдарламасымен баспана беру тоқтатыла ма?

«Баспана хит», «7-20-25» бағдарламасымен баспана беру тоқтатыла ма? 1

«Баспана хит» және «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламалары бойынша 84 мың пәтер сатылды. «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ сыртқы байланыс қызметінің бас менеджері Айбар Олжаев осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Citynews.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Айта кетейік, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Ұлттық банктің еншілес ұйымы. Ол «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының операторы болып бекітілген. Халыққа «Баспана хит» бағдарламасы бойынша 600 млрд, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге қарыз беру көзделген. «Баспана хит» бағдарламасына жүгінген азаматтар күні бүгінге дейін 493 млрд теңге қарыз алды. Бекітілген лимитке жеткеннен кейін «Баспана хит» бойынша несие рәсімдеу тоқтатылады.

Екінші деңгейлі банктердің болжамынша, жыл соңына дейін бағдарлама міндетін толық орындайды, қаржы тиісінше игеріледі. Осыған байланысты «Баспана хит» жабылады. Қазірге дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша 325 млрд теңге несие берілді. Қалған 675 млрд теңге толық үлестірілгенше бағдарлама жалғаса береді.

Айбар Олжаевтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасының аяқталу мерзімі нақтыланбаған. Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осыдан бірнеше күн бұрын «7-20-25» бағдарламасы 2022 жылы жабылады» деп мәлімдеді. Агенттік төрағасы бұл сөзін үкімет, Ұлттық банк және агенттік 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісім шеңберінде Ұлттық банкті 2023 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудан шығаратындығымен дәйектеді.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама қай жылы аяқталса да, миссиясын толық орындайды.

Айбар Олжаевтың сөзінше, уақыт өте келе «Баспана хит» бағдарламасының баламасы пайда болады. «Баспана хит» бағдарламасы өз міндетін толық орындады. Қазір екінші деңгейлі банктер «Баспана хит» бағдарламасына ұқсас несиелеу талабы бар жоба әзірлеп жатыр. Бұл – мемлекет тарапынан ипотека нарығының осы сегментін одан әрі ынталандырудың қажеті жоқ деген сөз», – деді ол.

Нарықтан «Баспана хит» бағдарламасы кетсе де, оның инфрақұрылымы қалады. Құжат айналымы, скоринг жүйесі, бизнес үдеріс жолға қойылған. Бұл екнші деңгейлі банктерге тез арада шарттары осыған ұқсас ипотекалық жоба ұсынуға мүмкіндік береді. Яғни азаматтар үшін таңдау аясы тарылмайды», – деді Айбар Олжаев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР