Жұмыспен қамтылғандар бір жылда 1,7% көбейді. 2022 жылдың төртінші тоқсанында елде 9 млн-ға жуық жұмыспен қамтылған адам болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,7% көп, деп хабарлайды Citynews.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Finprom.kz ресурсы мәлім етті.
Қалада жұмыспен қамтылғандар саны 4,6% өсіп, 5,5 млн адамға жетті, ал ауылдық жерлерде 2,4% азайып, 3,5 млн адамды құрады.
Барлық жұмыспен қамтылғандардың 94,5%-ы негізгі жалғыз жұмыс, 4,2%-ы негізгі жұмыс, жеке шаруашылық және қосымша жұмыс, тағы 1,3%-ы негізгі және қосымша жұмыс істейді.
Білім деңгейі бойынша 4 млн адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 4,4 млн адамның техникалық және кәсіптік білімі, 582,6 мың адамның бастауыш, негізгі, жалпы орта білімі бар.
Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 6,8 млн адам жалдамалы жұмысшы, 1,6 млн адам жеке кәсіпкер, 498,1 мың адам дербес жұмысшы, 19,8 мың адам жеке практикамен айналысушы, 5,8 мың адам шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшысы (қатысушысы), акционерлік қоғам құрылтайшысы, акционерлері (қатысушысы), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері.
Өңірлер бойынша ең көп жұмыспен қамтылғандар Алматы қаласында: 1 млн адам — бір жыл бұрынғыдан 2,2% артық. Үздік үштікке Түркістан (793,8 мың адам, бір жылда 2,1% көбейген) және Алматы (677,9 мың адам, 30,2% азайған) облыстары да кірді. Ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау (101,7 мың адам), Солтүстік Қазақстан (277,2 мың адам) және Абай (287,1 мың адам) облыстарында.
Салалар бойынша ең көп жұмыспен қамтылғандар көтерме және бөлшек саудада, сондай-ақ автокөлік жөндеуде: 1,5 млн адам.
Одан кейін білім беру (1,2 млн адам, 2,8% көбейген) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,1 млн адам, 5,6% азайған) кіреді.
Халық аз жұмыспен қамтылған салалар сумен қамту, өнер, ойын-сауық және демалыс секторы, сондай-ақ электрмен жабдықтау.