2024-11-24 06:11:37
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жолдау жүгін нәтижелі іс жеңілдетеді

Жолдау жүгін нәтижелі іс жеңілдетеді

Бүгін Еңбекші ауданының  Маятас тұрған алабында орналасқан №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын AMANAT партиясының  Еңбекші аудандының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда Г.Жартыбекова тұрғындарға Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтылған қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ, Ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығын айтты.

Ұстаздар қауымы Жолдаудағы білім саласын ілгерілетуге қатысты айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруда өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен педагогтер Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары Қаратау ауданы «Нұрсәт» өнер мектебінде жалғасты. Кездесуге AMANAT партиясы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова және Қаратау ауданының тұрғындары қатысты.

Іс-шара аясында мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында тұрғындар әлеуметтік салада мазалаған бірқатар сұрақтарына жауап алды.  Жолдау жүктеген міндеттер туралы өз ойларымен бөліскен тұрғындар өзгерістер жолындағы барлық реформаларын қолдайтындарын да жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР