2024-11-25 18:19:53
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жол құрылысы іркіліссіз жүріп жатыр

Жол құрылысы іркіліссіз жүріп жатыр

Мегаполистегі ірі жол құрылысы нысандарының бірі «Оңтүстік» айналма жолы. Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі қашықтықта жатыр.

Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын жол құрылысын «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі атқарып отыр. Айналма жолдың Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынды.

Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орны ауыстырылады. Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылады.  6 учаскеде экскаватор,  самосвал,  каток,  грейдер,  бульдозер,  водовоз,  погрузщик,  бензовоз техникалары қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, Д.Қонаев даңғылының І және ІІ кезеңдерінің құрылысы жалғасып жатыр. Әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексеріледі. Қонаев даңғылы құрылысының ІІ кезеңі бойынша инженерлік желілер орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүрумен қатар аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жерүсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жалпы көлемі 14 мың шаршы метр көлемдегі жол жабыны қалпына келтірілді. Осы жұмыстар аяқталған соң, екінші кезекте, елді мекендердегі ішкі орам көшелерін ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Ол жұмыстар маусым айынан басталады.

Жөнделіп жатқан магистральді көшелердің жалпы саны – 41. Оның ішінде ең көбі қаланың орталық ауданы саналатын Әл-Фараби ауданында орналасқан – 19 көше. Бұған қоса Абай ауданы бойынша – 9 көше, Еңбекші ауданында – 8, ал Қаратау ауданында 5 көше жөнделді. Жауапты мамандардың айтуынша, қаладағы жолдарды күтіп-ұстау мақсатында ағымдағы жөндеумен қатар күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасын табады.

Биыл сондай-ақ, шаһарда 63 аялдама орнатылды. Олардың қатарында Абай ауданы бойынша – 14,  Қаратау ауданында — 18, Еңбекші ауданында – 26, Әл-Фарабиде 5 аялдама бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР