2024-11-25 06:50:34
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жаңа агроиндустриалды аймақ ашылады

Жаңа агроиндустриалды аймақ ашылады

Шымкентте «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді. Сонымен бірге шетел инвесторларымен бірлескен жобалар қолға алынып, сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін және жартылай фабрикат өнімдерін өндіретін жаңа кәсіпорындар пайда болады.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда қаланы негізгі азық-түлік тауарларымен қамту үлесі тиісті деңгейде. Тұрақтандыру қорынан өзге мегаполис аумағында тамақ пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын кәсіпорындар жетерлік. Мәселен олардың қатарында «Шымкент май» АҚ, «Алтын Дән» ЖШС, «Барыс-2007» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Шымкент сүт» ЖШС секілді атап өтуге лайықты ірі кәсіпорындар бар.

Нақты деректерге сүйенсек жоғарыда аталған тамақ өндірісіндегі кәсіпорындар қаланы макаронмен (27 мың тонна), күнбағыс майымен (76,5 мың тонна) және тауық жұмыртқасы (158,6 мың тонна) жүз пайыз қамтамасыз етіп келеді.

Бұдан бөлек, Ордабасы, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек аудандарының қала аумағына көршілес жатқан елді мекендерінен 11,7 мың тонна – пияз, 80 мың тонна – картоп, 1,1 мың тонна – қызанақ, 20 мың тонна – сәбіз, 13,4 мың тонна – қырыққабат, 46,2 мың тонна – сүт өнімдері, 5 мың тонна – ет, 3,3 мың тонна – құс еті тасымалданады.

Сонымен қатар, индустриалды аймақтардағысын қосқанда қала аумағында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері сауда логистикалық орталықтары арқылы экспортқа жіберілетін болады.

Мұнан өзге жергілікті әкімдіктің алдында тұрған мақсаттарының бірі, жалпы құны 8 млрд теңгені құрайтын «Керемет Сапа, «Gramad Retail», «ЮжСтройСервис», «Kazakhstan Logistics Group», «DELTA OIL» компанияларының 5 көкөніс сақтау қоймасын және ауданы 18 гектар болатын көтерме-тарату орталығын құру қарастырылуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары мегаполисте тұрақты жалғасып келеді. Бүгінде, әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Еуропа және Азия мемлекеттерінде азық-түлік тауарларының баға динамикасының өсуі орын алған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР