2024-11-21 20:10:56
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үздік тәжірибелік орталық медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттырады

Үздік тәжірибелік орталық медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттырады

Бүгін Шымкенттегі қалалық №6 емханада үздік тәжірибелік орталығының ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысты. Айта кетейік, бұл орталық медицинасында қызмет көрсету сапасын жақсарту және тұрғындар үшін медицинаға қолжетімділікті арттыру мақсатында ашылып отыр.

– Бұл орталықта жаңа технологиялар мен қызметтерді қолданысқа енгізу медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды көздеп отырмыз. Мұнда бастапқы санитарлық-медициналық көмек пен мейіргерлік ісінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтерді үлестіру және психолог мамандармен жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Науқасты емдеу және аурудың алдын алу процестеріне пациенттердің өздері мен жақындарын қатыстыруға да баса назар аударылмақ. Негізінде емханалар қызметінің 50 пайызы осындай профилактикалық бағытқа айрналғаны дұрыс. Өйткені, біздің медицинамыз толықтай ауру адамдарға жұмыс істемей, сау адамдарға ауырмаудың жолын көрсете алатын болуы керек, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Айта кетейік, үздік тәжірибелік орталықта аймақтық медбикелер әмбебап прогрессивті патронаж моделі қолданып жұмыс істейді. Ол үшін мамандардың барлығы GPS навигациясы және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Егер медбике елді мекенді аралаған кезде пациентке шұғыл медициналық көмек керек екенін анықтаса, GPS навигациясының батырмасын басу арқылы бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі және бас медбикенің телефондарына шақырту жібере алады. Келіп түскен шақыртуға байланысты емханадағы дәрігерлер тарапынан пациентке дер кезінде қажетті медициналық көмек ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР