2024-11-22 17:09:27
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық бағыттағы конкурс басталмақ

Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық бағыттағы конкурс басталмақ

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша қосымша конкурс ағымдағы жылдың 20 маусымынан – 10 шілде аралығында жүргізіледі. Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтардан, сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағыты бойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар санаттары бойыныша да азаматтардан қабылданады:

Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 12 қабатты №46,№47,№48 тұрғын үйлерде орналасқан. Жалпы 1-бөлмелі пәтер саны 18, оның ең үлкен аумағы 32,98 ш.м. құрайды.

Айта кету керек, конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20% жинақ шотында болуы керек, ал «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы жинақталуы тиіс. Конкурстан өткен қатысушыларға ипотекалық несие 5 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР